2021 жылғы 25 маусымда Қостанай облысы әкімі орынбасарының А.Т. Әбеновтің «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.

2021 жылғы 25 маусымда Қостанай облысы әкімі орынбасарының А.Т. Әбеновтің «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы 25 маусымда Қостанай облысы әкімі орынбасарының А.Т. Әбеновтің «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қазақстандық маңыздағы өнімді көбейту, туризм, индустрияландыру, инновациялар, экспорттық әлеует және инвестиция тарту (жетекшілік ететін салалар бөлігінде), еңбек қатынастары саласында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамысыз етеді, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс мәселелеріне басшылық жасайды.

Цифрландыру (жетекшілік ететін бағыттары бойынша) жөніндегі шараларды іске асыруды және тиісті салалардың қызметіне жобалық басқару принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 7-18 маусымға дейін аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-084 телефоны бойынша алуға болады.

Өтініш