
Архимед Мұхамбетов облыстық маңызы бар «Қостанай қаласына кіреберіс» автомобиль жолындағы (Кәріс көпірі) көпір құрылысын тексерді.
Қазіргі уақытта көпірдің қазығы қағылған, тіректерді монтаждау, көпірге кіреберістегі топырақ төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көпірдің ұзындығы-261 метр, ені-24,5 метрді құрайды. Көпірді ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Тексеру соңында өңір басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына көпірдің құрылысын сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырдым.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі