Бақыт Нұрғалиев Денисов ауданы әкімі болып тағайындалды

Бақыт Нұрғалиев Денисов ауданы әкімі болып тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Денисов ауданына жұмыс сапары барысында аудан активіне жаңа әкімді таңыстырды, бұл лауазымға Бақыт Нұрғалиев тағайындалды.

Бақыт Нұрғалиев Қостанай қаласында туған. Қостанай ауылшаруашылық институтының инженер-механик мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Қостанай ауданындағы «Александровский» шаруашылығында бастаған. Соңғы қызмет орны – Қостанай облысы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының басшысы.