
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтіп, оның барысында Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі қаралды.
Мәселен, өткен жылы облыстың жергілікті атқарушы органдары 8 млн.астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 71 мың, мемлекеттік органда – 590 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
Елде төтенше жағдайды енгізу және одан кейінгі карантиндік шаралар электрондық қызметтерге сұраныстың жоғары болуына ықпал етті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар 172 қызмет көрсетеді, оның 14-і қағаз түрінде ғана ұсынылады.
Қалған 158 қызмет бойынша электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.
Бұдан әрі "ашық бюджеттердің интерактивті картасы"веб-порталын әзірлеу бойынша мәселе қаралды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ашық бюджеттердің интерактивті картасы" веб-порталын әзірледі, ол сыртқы ресурста бөлінетін бюджет қаражатын көрсету және бақылау, шағымдар, пікірлер жинау және ақпаратты талдау үшін жалпыға қолжетімді сервис болып табылады.
Карта Жергілікті деңгейде бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұртшылықтың бюджет туралы ақпаратқа қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі халықты "электрондық үкімет" порталының мүмкіндіктері туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға ынталандыруды күшейту бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.