
Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру барысын тексерді.
Сондай-ақ, ол осы жобаның мердігерлерімен және инвесторларымен кеңес өткізді.
Іске асырылып жатқан жоба 2019 жылы басталды, ол Арқалық ЖЭО-ны мазуттан көмірге ауыстыруды қамтамасыз етеді. Нысанды ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта бас корпустың металл құрылымдарын, су жылыту қазандықтарына арналған желілерін, екі циклон мен екі ауа жылытқышты монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ негізгі екі су жылыту қазандығының конвективті бөліктері және басқалары орнатылды.
Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Арқалық ЖЭО көмірмен жұмыс істей бастайды, ол үшін облыстық бюджеттен 48 030 тонна көмір сатып алуға 500,0 млн.теңге бөлінді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Арқалық ЖЭО-да түтін құбырын қайта жаңарту жоспарланған.
Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі