Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барды

Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барды

Ресей Федерациясына іссапары барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев Санкт-Петербург қаласында болып, Вице-губернатор С.Мовчанмен кездесті.

 

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Тобыл өңірінің әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы баяндап, әріптестік қарым-қатынас орнатуға тиімді жобаларды ортаға салды.

 

Мәселен, Қостанайда «Кировец» тракторларын құрастыру, жер құнарын арттыру өнімдерімен айналысатын «Росинжиниринг» компаниясының өкілдігін орналастыру мәселелері көтерілді. Қостанайлық компаниялардың өнімдері мен жобалары таныстырылды.

 

Сондай-ақ, Қостанай облысының Санкт-Петербургтағы және Санкт-Петербургтің Қостанайдағы мәдени күндерін өткізу жоспарланды.