Елбасы шыршасы өтті

Елбасы шыршасы өтті

Қостанай қаласында Елбасы шыршасы өтті. Салтанатты іс-шараға облыстың аудандар мен қалаларынан 200 бала қатысты, олардың ішінде оқудың үздіктері, спортшылар, көп балалы отбасылардан шыққан, ата-анасыз тәрбиеленген және жағдайы аз қамтылған оқушылар. Балалардың барлығына смартфондар мен Астана қаласы туралы кітаптар сыйға тартылды.

Жаңа жыл шыршасына жиналған оқушыларды үлкен экраннан ҚР Президенті Н.Назарбаев құттықтады. Елбасымыз өзінің құттықтауында әр бала жаңа жыл шыршасын асыға күтетіндігін, шырша тойы әрқашан есте қалатындығын айтты.

«Сендер бақытты ұрпақсыңдар. Келер жаңа жылда барлығы да өзгеше болады. Сендер жаңа жетістіктерге жетесіңдер, жаңа білім аласыңдар, керемет жаңалықтар ашасыңдар. Қашанда отбасыларыңа деген шексіз сүйіспеншіліктерің, достарыңа деген адалдықтарың, ұстаздарыңа деген құрметтерің болсын», — деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, мерекелік жиында балаларға арналып жаңажылдық бағдарлама ұсынылды, қызықты ойындар ойналып, әсем әндер шырқалды.