26 қаңтарда бірыңғай сағат шеңберінде Қостанай облысы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі"тоғызыншы бағыты талқыланды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Салықбаев, мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы Б. Әбішев, Әдеп жөніндегі уәкіл қ. Сүйіндіков қоғамда және мемлекеттік мекемелер ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы хабардар етті.
Қорытындылай келе, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Баймақанов Жолдаудың басымдықтарын дәйекті іске асырудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда басшылар мен әрбір мемлекеттік қызметшінің тұрлаулы ұстанымының маңыздылығын атап өтті. Президенттің нық саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстанда қоғам қолдап отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жүйе құрылды. Мекеме қызметкерлерінің мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді мүлтіксіз орындауын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Бірыңғай сағат шеңберіндегі кеңестер Қостанай облысының барлық мемлекеттік органдарында өтті.