Архимед Мухамбетов мемлекеттік қызмет көрсету саласында жазалауды ескертті

Архимед Мухамбетов мемлекеттік қызмет көрсету саласында жазалауды ескертті

Әкімдіктің селекторлық отырысында 2017 жылғы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындылары баяндалды.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Арман Әбеновтың мәлімдеуінше, 2017 жылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне байланысты 254 тәртіп бұзушылықтары анықталған. 2016 жылы олардың саны 676-ға тең болған. «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін дұрыс сақтамағаны үшін облыс бойынша 66 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, олардың 44-іне ескерту, 15-іне сөгіс ал 6 адамға қатаң сөгіс жарияланған», - деді облыс әкімі аппаратының басшысы.

Сондай-ақ А.Әбеновтың айтуынша, облыстық басқармалар тарапынан да мемлекеттік қызмет көрсету регламенттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуде тәртіп бұзушылықтар бар. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов аталған бағытта қалыптасқан кемшіліктерге қатысты ескерту жасады.

«Сіздің баяндамаңызға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін дұрыс сақтамағаны үшін облыс бойынша 66 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алайда олардың ешбіріне жазалау шаралары жүргізілмеген. Яғни жұмысын сол күйінде жалғастырып келеді. Ендеше оларға қатаң түрде жазалау шараларын қолға алған жөн», - деп атап өтті облыс басшысы.