Қостанай облысында жолдарды жөндеуге 31 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады

Қостанай облысында жолдарды жөндеуге 31 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады
Биыл Қостанай облысында жолдарды жөндеу және қайта жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда, оған биыл 31,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
 
"Естеріңізде болса, өткен жылы дәл осындай есеп беру кездесуінде Мен 2017 жылды жолдар жылы деп жарияладым. Өткен жылы барлық санаттағы автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін қалпына келтіру бойынша бюджет шығыстары 1,8 есе өсіммен 28,7 млрд.теңгені құрады", - деп хабарлады өңір басшысы. Осы жұмыстың нәтижесінде облыста 485 км автожол қалпына келтірілді, оның ішінде 8,3 км қайта жаңарту жүргізілді, 46,7 км күрделі жөнделді, 430 км орташа жөндеумен қамтылды.
 
"2018 жылы басталған жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Биыл жалпы пайдаланымдағы 485,8 шақырым автожолды қалпына келтіруге 31,8 миллиард теңге бөлінді немесе 2017 жылмен салыстырғанда 11% - ға артық. 18,4 км жолды қайта жаңарту, 26,4 км күрделі жөндеу, 441 км орташа жөндеу жүргізіледі", - деп түсіндірді А.Мұхамбетов.
 
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Республикалық маңызы бар жолдарда Денисовка және Рудный кенттері арасындағы "Қостанай - Қарабұтақ" автожолын қайта жаңарту жалғасатын болады. Орташа жөндеу "Мамлютка - Қостанай", "Қарабұтақ - Қостанай" және "Екатеринбург - Алматы"автожолдарының учаскелерінде жүргізілетін болады. Облыстық маңызы бар жолдарда "Ұзынкөл - Сарыкөл" жолдарын қайта жаңарту, "Таран - Варваринка", "Арқалық - Торғай", "Тобыл - Таран - Красносельское - Набережное", "Лисаковск - Қайындыкөл - Краснооктябрьский", "Адаевка - Орқаш - Аралкөл"жолдарын күрделі жөндеу жалғастырылады. "Облыстың барлық аудандары мен қалаларының жолдары мен көшелері де жөндеумен қамтылады.
 
Сонымен қатар, қазіргі уақытта біз көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға қосымша қаражат бөлу туралы жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деп қорытындылады Архимед Мұхамбетов.