Қостанай облысында студенттер жатақханасы салынады

Қостанай облысында студенттер жатақханасы салынады

Қостанай қаласы мен облыстың өзге де аймақтарында студенттерге арнап жатақханалар тұрғызылмақ. Бұл туралы облыс басшысы Архимед Мұхамбетов Елбасының бес әлеуметтік бастамасын талқылауға арналған актив жиналысында айтты.

«Бізде қазірдің өзінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне арналған жатақханалардың жобалық-сметалық құжатнамасы әзір. Мұның пайдасы өте зор: студенттердің өмірі жақсарып, қылмыс деңгейі азая түспек. Қазір біз үшін өзге де жоғарғы оқу орындарымен жұмыстар жүргізіп, оны мейілінше мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында орындай білу маңызды», - деп атап өтті А. Мұхамбетов.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы құрылысқа тоқталған аймақ басшысы, бұл ретте кәсіпкерлер үшін тиімді бағдарлама дайындалып жатқанын, яғни компаниялар әрбір студент үшін қаржыға қол жеткізетінін жеткізді. «Алайда жатақханалар үшін жер телімдері тек оқу орындары орналасқан маңнан ғана берілуі керек» - деді облыс әкімі.

Қостанай студенттер үшін жатақханалар құрылысын қолға алғалы отырған еліміздегі жалғыз қала емес. Әкім атап өткендей, сондай-ақ Рудный мен Арқалық сияқты қалалардағы жарамсыз ғимараттарды да қалпына келтіріп, жатақханалар жасауға болады.

Жалпы алғанда Қостанай облысында Мемлекет басшысы жүктеген барлық бағыттар бойынша жұмыстардың жүзеге асырылатындығы айтылды. Кеңес қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов бірқатар нақты міндеттер жүктеді.