Интернет-конференциясы

Интернет-конференциясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ағымдағы жылдың 19 наурызында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференциясын өткізу жоспарлануда.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев жауап беретін болады.