Қостанайға мың түп көшет отырғызылды

Қостанайға мың түп көшет отырғызылды

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» аясында қостанайлық мемлекеттік қызметкерлер бір кісідей жұмылып, көшет екті. Игі шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Базыл Жақыпов қатысты. Акцияға қатысушылар қалаға кіреберістегі Назарбев зияткерлік мектебінің маңында жұмыс істеді. Олар емен, қайың және қарақат, долана, алмұрт ағаштарын отырғызды. Осылайша Қостанай қаласы бойынша 1000 түп, ал қалған шағын қалалар мен аудандарда 400 түптен көшет отырғызды. Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан бұл үрдіс қоршаған ортаны аялауға, қаламызды көріктендіріп, тазалықты сақтауға септігін тигізбек.