Қалалық Жеңіс саябағында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті. Оған әр түрлі буын өкілдері қатысты.
"Өткеннің қайғылы сабақтарын мысалға келтіре отырып, біз осындай сценарийлердің қайталануына жол бермеуіміз керек және эволюциялық даму жолымен жүруіміз керек. Бұл үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"мақаласы берік негіз болып табылады. Мақаланы іске асыру аясында бүгінде жалпыұлттық тарихи бірлікті нығайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті А.Мұхамбетов.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қазақстандықтардың көпшілігінің өміріндегі маңызды күндердің бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығына сәйкес атаулы күн жыл сайын 31 мамырда атап өтіледі. Бұл сталиндік режим дәуірінде жазықсыз қаза тапқан зиялы қауым өкілдерін, олардың әйелдері мен балаларын еске алу күні.
1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңына ең жоғары жазалау шарасы - ату жазасы қолданылды.
1930-1940 жылдары тұтас халықтардың Қазақстанға жаппай жер аударылуы да орын алды.
Кездесу соңында, бір минут үнсіздіктен кейін қаза тапқандарды еске алуға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мемориалына гүл шоқтары қойылды.