Қостанай облысында бизнесті қолдауға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Қостанай облысында бизнесті қолдауға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Қостанай облысында шағын және орта бизнесті дамытуға 3 миллиардтан астам теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында белгілі болды.
 
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында 2 миллиардтан астам теңге бөлініп, толығымен игерілді. "Биыл бағдарлама аясында шағын және орта бизнес субъектілерін шағын несиелендіруге біздің облыстың республикалық бюджетінен 2 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлады басқарма басшысының міндетін атқарушы Төлеутай Ержанов. - Бұдан басқа, қосымша 1 млрд теңге бөлінді, оны тағы 104 қарыз алушыға беру жоспарланып отыр". Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен шағын несиелерді кепілдендіруге 237 млн теңге, шағын қаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға 61 млн теңге бөлінді. Ведомствода сондай-ақ, бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына шағын несие алуға өтінім беру бойынша өңірлердің әлсіз жұмысы жүріп жатқанын атап өтті. "Осы уақытқа дейін Денисов және Қамысты аудандарынан өтінімдер түскен жоқ, Жангелдин және Науырзым аудандарынан бір өтінім бойынша қабылданды. Аграрлық несие корпорациясына 21 млн теңге сомасына 3 өтінім беріліп, қаралуда-бұл Амангелді ауданы - 2 өтінім және Ұзынкөл ауданы-1 өтінім. Қалған өтінімдер түскен жоқ", - деді Т.Ержанов. Осыған байланысты, аудандар мен Арқалық қаласының әкімдеріне әлеуетті қарыз алушыларды іздеу бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды, ал Аграрлық несие корпорациясы бөлінген қаражатты игеру бойынша әлеуетті қарыз алушылармен жұмысты жандандыруы қажет. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов ШОБ нысандарын шағын несиелендіру жұмыстары аясында банктермен жедел жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, А.Мұхамбетов шағын несиелеуге арналған бірде-бір жоба мақұлданбаған қала әкімдеріне ескерту жасады. "Жітіқара, Арқалық және Лисаковскіде жарты жыл ішінде бірде-бір жоба мақұлданған жоқ. Нашар жұмыс жүріп жатыр. Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын несиелендіруді тек 10% мақұлдады - тым аз. Бұл бағытта да пысықтап жатқан жоқсыз", - деді А.Мұхамбетов және шағын несие беру көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмысты бақылауға алуды тапсырды.