Архимед Мұхамбетов өңірде білім беруді дамыту жоспарлары туралы айтты

Архимед Мұхамбетов өңірде білім беруді дамыту жоспарлары туралы айтты
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық филармонияда өткен тамыз кеңесінде сөз сөйлеп, өңірдің білім беру саласының басты басымдықтарын айқындады. Өңір басшысы атап өткендей, басты басымдықтардың бірі қаржыландыру - тұрақты және ауқымды инвестициялар болып табылады. Облыстың білім беру саласының бюджеті биыл 68,7 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,7 млрд теңгеге артық. "Биыл облыстық бюджет есебінен 7 Білім беру нысанына жалпы сомасы 769,8 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде, оның 4-і аяқталды. Қостанай қаласының "Аэропорт" шағын ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысы жалғасуда, оған облыстық бюджет қаражаты есебінен 800 млн теңге бөлінді. Құрылысты аяқтауға қосымша 769,4 млн теңге қажет, оны ағымдағы жылдың соңында республикалық бюджеттен бюджетті түзету кезінде бөлу жоспарлануда", - деп хабарлады облыс әкімі. Сондай-ақ, оның айтуынша, А. Аманкелді, Әулиекөл және Қарасу аудандарында апатты жағдайдағы 3 мектептің орнына әрқайсысы мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық 4 мектептің құрылысына, сондай-ақ Қарабалық ауданында мемлекеттік тілде оқытатын 1 мектептің қажеттілігіне байланысты әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бар.
 
Аталған мектептердің құрылысын келесі жылы республикалық бюджет есебінен бастау жоспарланып отыр. "Сондай-ақ, облыстағы барлық мектептерді заманауи талаптарға сәйкестендіру үшін апатты және күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, жергілікті жерлерде, облыс өңірлерінде, әсіресе Қостанайда орын тапшылығына байланысты үш ауысымда оқытатын мектептер бар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде мектептер салу мәселелерін шешу қажет",-деп атап өтті өңір басшысы. Әкім балабақшалардың құрылысы мен қайта жаңартылуын оң мысал ретінде келтірді. Қазіргі уақытта 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 99,7% - ды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 91,2% - ды құрайды. 2020 жылға қарай облыста балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтудың 100%-дық көрсеткішіне қол жеткізу жоспарлануда. МЖӘ аясында өңірде жалпы сомасы 3,5 млрд.теңгеге 1580 орындық 7 мектепке дейінгі ұйым қосымша ашылмақ. "МЖӘ қағидаты ҚР Президентінің үшінші бастамасын іске асыру кезінде де ескеріледі. Облыста үш жатақхана құрылысы жоспарлануда - 2 - 500 орын, 1 - 250 орын - Қостанай колледждері үшін (Қостанай жоғары политехникалық колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай медициналық колледжі). Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 42,6 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (500 орын) және Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (344 орын) үшін жатақханалар салу жоспарлануда. Бүгінгі күні ҚМУ-да жобалық - сметалық құжаттама әзірленді, Қостанай пединститутында ЖСҚ әзірлеу аяқталу сатысында", - деп қорытындылады әкім.