
С апреля по июнь в Костанайской области проверены на соблюдение пожарной безопасности 60 объектов, из которых только один работал без каких-либо нарушений. Об этом сегодня в ходе совещания в областном акимате сообщил начальник Департамента по чрезвычайным ситуациям по Костанайской области Талгат Какимов.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат отырысында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Талғат Кәкімов мәлімдеді. Осы жылдың қаңтар айынан бастап облыс аумағында барлығы 671 өрт оқиғасы тіркелген. Кей аймақтарда былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалады. Мәселен, 2017 жылы Меңдіқара ауданында 10 өрт фактісі тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 2,6 есеге өсті. Бүгінге дейін Сарыкөл ауданында - 27, Науырзымда 18 өрт оқиғасы болған. «2018 жылы өрттен жарақат алған адамдар қатары артты. Былтыр 8 адам түрлі жарақаттар алса, биыл 21 адам отқа күйген. Медициналық жағдайларға байланысты материалдық шығын көлемі 33047 теңгені құрады. Әулиекөл және Меңдіқара ауданында 4 адам өрт кезінде көз жұмды. Жалпы, үстіміздегі жылы 14 адам өрттен қаза болды»,- деді облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімов.
Аталған ведомство мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Қостанай облысында 434 тұрғын үй секторы өртенді. Сондай-ақ,тілсіз жаудың кесірінен 104 автокөлікке зақым келді. «Біздің департамент мамандары облыстағы өрттің шығу себептерін зерттеді. Қайғылы жағдайлар көбіне тұрғындардың салғырттығынан болады. 167 өрт электр құрылғыларының ақауларынан болды. 93 оқиға жылу пештерін дұрыс қолданбау жағдайларында тіркелді», - деді ведомство басшысы. Осы жылы 4 білім беру мекемесінен өрт шықты. 16 сауда орны және өндіріс ошағынан да өрт шыққан. Департамент басшысының айтуынша, жыл басынан бері халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

