«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ:
«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ қаржылық есептілік бөлімінің басшысы - бас бухгалтер бос азаматтық лауазымдға орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты:
- 125 227 теңгеден 151 566 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: мекеме қызметіне қатысу, бөлім жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, қарамағындағылардың қызметіне басшылық жасау. Материалдық құндылықтардың сақталуын, ақша қаражатының мақсатты, тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру және оның дұрыстығы. Мекеменің бюджетін жасау. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу, жалақы қорын жұмсау тәртібінің сақталуын бақылау, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысына байланысты операцияларды уақтылы көрсету, өндіріс шығындарын есепке алу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшы лауазымдарда, кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі.
Конкурс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ өтеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.11.2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында соңғы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуы тиіс. Мекенжайы: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 79а.Телефон/факс: 52-40-02, 8777-796-49-03
Электрондық мекенжайы: teroboronakostanay@yandex.ru
«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ