Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау шеңберінде, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтiң Амангелді ауданының және Арқалық қаласының тұрғындарымен, 30 қыркүйекте Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының тұрғындарымен кездесулері өтеді.
Халықпен алдағы кездесулерге дайындық шеңберінде 8-775-683-16-94 (Kcell байланыс операторы) нөмірі бойынша Telegram және WhatsApp чаттары арқылы, #вопросы_на_встречу_акима хэштегі бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды облыс әкімінің Instagram парақшасындағы (https://instagram.com/arkhimed_mukhambetov?utm_medium=copy_link) аккаунтына қабылдау жүзеге асырылады.