Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 26 тамызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.М. Спановтың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.
Облыстағы экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салық және қаржы-кредиттік тәртіп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, әлеуметтік-экономикалық ахуалды талдау, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, облыс халқының денсаулығын сақтау, балалардың мектепке дейінгі, жалпы білім беретін мекемелерде, бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарында білім беру қызметін ұсыну, бәсекелестікті қорғау саласының, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өңірлік ӘКК мәселелеріне жетекшілік жасайды.
Облыстық бюджет комиссиясының қызметіне басшылық жасайды.
Жергілікті деңгейде:
«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ,
«ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ,
«ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Костанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ,
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ,
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтиқалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, «E-Otinish» АЖ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының өтініштерді қабылдау орталықтары (Нәтиже), сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 12 – 19 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-057, 575-084 телефондары бойынша алуға болады.
Келісілді: __________________