Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 27 мамырдағы Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.

Құрылыс, сәулет мәселелеріне, тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының жұмысына, отын-энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық саласы, инженерлік коммуникациялар, коммуналдық саладағы тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылығы іс-шараларын іске асыру, тұрғын үй объектілерін және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымды жылу беру маусымына дайындау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметіне, ауыл шаруашылығы (жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлігінде),тиісті тауар нарығындағы монополиялық қызметті шектеу саласындағы,  жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық, жетекшілік ететін бағыттары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жетекшілік жасайды.

Елді мекендерді абаттандыру, жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау, облыстық инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мәселелерін енгізе отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Цифрландыру (жетекшілік ететін бағыттары бойынша) жөніндегі шараларды іске асыруды және тиісті салалардың қызметіне жобалық басқару принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді.

Қостанай облысының аумағында дағдарыс жағдайларының алдын алу және уақтылы жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі өңірлік жедел штабтың қызметіне басшылық жасайды.

Қостанай облысының ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару бойынша жауапты тұлға болып табылады.

Жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру жөніндегі мәселелерін;

облыстық терроризмге қарсы комиссияның;

облыс әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның;

облыс әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;

нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың жұмысын үйлестіреді.

«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ,

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ,

«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшылық етеді.

Жергілікті деңгейде өз құзыреті шегінде:

Қостанай облысының прокуратурасымен,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен;

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының  Полиция департаменті» ММ,

«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігімен,

тарифтерді реттеу бөлігінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің жер ресурстарын басқару Комитеті Қостанай облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ,

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментімен,

энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен,

газбен жабдықтау ұйымдарымен,

сумен жабдықтау ұйымдарымен,

облысқа көмір мен мұнай өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдармен,

құрылыс индустриясы және құрылыс кәсіпорындарымен, 

мамандандырылған монтаждау ұйымдарымен,

жобалау институттарымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 6-18 мамырдағы аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-057 телефоны бойынша алуға болады.

Жеке қабылдауға жазылу туралы өтініш

Дата публикации
05 мая 2022
Дата обновления
05 мая 2022
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы