«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ «Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі менеджер бос азаматтық лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақы: 101 523 теңге
Функционалдық міндеттері:
- ғимаратты, сондай-ақ оған қатысты құрылыстарды және қоршаған аумақты тиісті тәртіппен күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау;
-жинауды ұйымдастыруды және ғимараттың ішкі үй-жайларында тазалықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
- ғимараттың үй-жайын күзгі-қысқы пайдалануға дайындау;
- есіктерді, терезелерді, құлыптарды, перделерді және т. б. уақтылы жөндеу;
- оның қарамағындағы мүліктің сақталуын, дұрыс пайдаланылуын, уақтылы жөнделуін қамтамасыз ету;
- мүліктің бар болуын есепке алу, мерзімді тексеру және оны есептен шығару актілерін жасау;
- қосалқы жұмысшылар мен қызметтік үй-жайларды жинаушыларға мүкәммал, шаруашылық қызмет көрсету заттарын алу және беру және тиісті жедел есепке алуды жүзеге асыру;
- санитарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылау. Санитарлық және өрт қадағалау жазбаларының кітабын жүргізу;
- бағынысты қоймалардың жай-күйі мен оларды күтіп-ұстау, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті қолданыстағы заңнаманы білу.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
техникалық және кәсіптік, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе жалпы орта білімі және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл..
Конкурс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ өтеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.11.2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында соңғы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуы тиіс. Мекенжайы: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 79а. Телефон/факс: 52-40-02. Электрондық мекенжайы: teroboronakostanay@yandex.ru
«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ