2022 жылдың 28-30 наурызы аралығында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы» АМКК Қостанай филиалында «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасында сайлау өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» атты семинар өтті.
Семинарға өкілеттіктерді тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының қызметкерлері шақырылды.
Семинарда ауылдық округ әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері, дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерін бөлу, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс беру ерекшеліктері, сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету, үгіт-насихат жұмыстарының ерекшеліктері және т.б. мәселелер қаралды.
Осы тақырыптар бойынша сөз сөйлеген Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Ю. Малашко және мүшелері Л.А. Корнилов, А.М. Дуанбаева сайлау процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешуге баса назар аударды.
Семинарға қатысушылар ұсынылған кейстерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибиелік тапсырмаларды орындады, сауалнамадан өтті.
Семинарға қатысушылар алдында «Костанайские новости» ЖШС Интернет-ресурстар редакторы Я.С. Богатырева, «Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ жаттықтырушы-медиаторы И.А. Зуев сөз сөйледі.