Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 22 cәуірдегі Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновтың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қазақстандық қамтудың үлесін арттыру, туризм, индустрияландыру, инновациялар, экспорттық әлеует және инвестиция тарту (жетекшілік ететін салалар бөлігінде), ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық, тұтынушылардың, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлар бөлігінде құқықтарын қорғау жетекшілік жасайды.
Цифрландыру (жетекшілік ететін бағыттары бойынша) жөніндегі шараларды іске асыруды және тиісті салалардың қызметіне жобалық басқару принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді.
Жетекшілік ететін бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін;
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (жобаларды іске асыру барысына мониторинг жүргізу және бақылау, Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін жобаларды іздеу және іріктеу, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру), өңірлік деңгейдегі бизнесті қолдау бағдарламаларын, туристік қызметті дамыту мәселелерін;
арнайы экономикалық аймақтар, технопарктер, индустриалдық аймақтар ашу және дамыту мәселелерін;
ауыл шаруашылығы саласын дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы тауар өндірушілермен меморандумдар жасасу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысын;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыру бойынша «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының республикалық қаржы институттарының аумақтық бөлімшелерімен жұмысын;
жобалық басқару бойынша және шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшылық етеді.
Республикалық деңгейде өз құзыреті шегінде:
Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сыртқы істер, ауыл шаруашылығы министрліктерімен, басқа да орталық мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының шетелдердегі және басқа да мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы елшіліктері мен консулдықтарымен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» ҰКП, екінші деңгейдегі банктермен, даму институттары және ұлттық компаниялармен;
жергілікті деңгейде:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ,
кәсіпкерлік қызмет бөлігінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлары бөлігінде,
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасымен,
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қостанай облысы бойынша өңірлік филиалымен,
«Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Қостанай филиалымен,
«Kazakh Invest» АҚ Қостанай облысы бойынша өңірлік өкілдігімен,
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ММ,
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ММ»,
жерді пайдалану мәселелері жөніндегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалымен,
«КазАгрЭкс» АҚ облыстық филиалымен,
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның облыстық өкілдігімен,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі облыстық инспектурасымен,
«Қазақстан ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Қостанай филиалымен,
«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ-ның облыстық өкілдігімен,
«Фитосанитария» РМК-ның облыстық филиалымен,
«Қазақстан мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Қостанай филиалымен,
«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-ның облыстық филиалымен,
«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалымен,
«ҚазақТұлпары» ЖШС-мен,
«КазАгроМаркетинг» АҚ-ның облыстық өкілдігімен,
«КазАгроФинанс» АҚ-ның облыстық филиалымен,
«Аграрлық кредит беру корпорациясы» АҚ-ның облыстық өкілдігімен, өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 4-15 cәуірдегі аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-057 телефоны бойынша алуға болады.