Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 22 cәуірдегі Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.А. Есімованың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.
Ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, этносаралық сала, балалардың мектепке дейінгі, жалпы білім беретін мекемелерде, бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарында білім беру қызметін ұсыну, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етеді.
Облыстық және республикалық бағдарламалардың орындалуын, әлеуметтік сала, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мәселелері жөніндегі облыстық комиссиялардың, кеңестердің жұмысын ұйымдастырады.
Цифрландыру (жетекшілік ететін бағыттары бойынша) жөніндегі шараларды іске асыруды және тиісті салалардың қызметіне жобалық басқару принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді.
Ішкі саясат, білім, ғылым, демография, мәдениет, тіл, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді.
«Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ,
Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясына,
әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияға,
облыс әкімінің баспасөз қызметіне басшылық етеді.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 4-15 cәуірдегі аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-057 телефоны бойынша алуға болады.