Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 25 наурыздағы Қостанай облысы әкімінің орынбасары В.Н. Ионенко «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.
Көліктік инфрақұрылым, жолдарды қалпына келтіру және жөндеу, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек қатынастары саласында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, көші-қон, аумақтық қорғаныс, өнеркәсіптік қауіпсіздік, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелеріне, өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппараты бөлімшелерінің, облыс әкімдігі басқармаларының жұмысына, «жасыл экономиканы» дамыту, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне, байланыс мәселелеріне жетекшілік жасайды.
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ,
цифрландыру және ақпараттандыру бөлігінде «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы» ММ,
«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ,
облыстық әскерге шақыру комиссиясына басшылық етеді.
Жергілікті деңгейде өз құзыреті шегінде:
Қостанай облысының прокуратурасымен,
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Полиция департаменті» ММ,
«ҚР ҚМ Қостанай облысының қорғаныс істері департаменті» ММ»,
«ҚР ТЖМ Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ,
«ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ,
«ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Қостанай облыстық филиалымен,
«Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» ММ,
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» ММ,
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ,
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ,
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ,
«ҚР ІІМ Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ,
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК «Целина» Қостанай филиалымен,
«Қазсушар» РМК Қостанай филиалымен,
облыстық аңшылар және балықшылар қоғамымен,
жол-құрылыс ұйымдарымен,
көлік кәсіпорындарымен (авиация, автомобиль, темір жол),
«Казпошта» ААҚ-ның облыстық филиалымен,
«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясымен,
өнеркәсіп кәсіпорындарымен және кәсіподақтармен,
зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 02-15 наурыздағы аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-057 телефоны бойынша алуға болады.