Меню

Страницы

Статья

Бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдардың есебі бірыңғай есеп беру күнінің ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін 2019 жылғы 24 мамырда, 2021 жылғы 30 қыркүйекте Қостанай облысының әкімдігінде бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп күні өтті.

Бірыңғай есеп күні-бұл бизнес пен мемлекет арасындағы кері байланыстың тағы бір құралына айналған диалог алаңы.

Аталған іс-шара жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізіледі, аталған күн «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен реттеу жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 53 бұйрығымен бекітілген.

Іс-шарада бизнес субъектілеріне бару арқылы тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тіркеу туралы мәселелер тыңдалды, салық және кеден заңнамасындағы міндетті талаптар, жаңалықтар мен өзгерістер туралы, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ оларды нивелирлеу туралы ұсыныстармен жүргізілген тексерулер барысында жиі кездесетін бұзушылықтар туралы.

Есептің Бірыңғай күніне бақылау-қадағалау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет,  ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің басқармасы, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті қатысты.

Бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы, «Қостанай облысының кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығы» ЗТБ және кәсіпкерлердің өздері білдірді, олардың атынан «Жас-Қанат 2006» ЖШС Бас директоры Қайрат Маишев сөз сөйледі.

Іс-шара қорытындысы бойынша орталық деңгейде шешуді талап ететін мәселелер блогы құрылып, ол тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

 

Байланыс мәліметтер: Каленов Жаслан Тобылбайұлы – Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 8-701-190-30-70

Дата публикации
06 октября 2021
Дата обновления
06 октября 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы