Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы 27 тамызда Қостанай облысы әкімі орынбасарының Е.М. Спановтың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.
Экономика, қаржы, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, облыс халқының денсаулығын сақтау мәселелеріне жетекшілік етеді.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 9-21 тамызға дейін аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-013 телефоны бойынша алуға болады.