Меню

Страницы

Статья

Көлік

Автомобиль жолдары

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 9 057,0 км құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 1 534 км, облыстық маңызы бар – 2 206,0 км, аудандық маңызы бар – 5 317,0 км.

2026 жылғы қаңтар-мамырында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 4 542,9 млн. теңге сомасында жолдарды қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ күтіп ұстау бойынша жұмыстар орындалды.

Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында және қалалар мен аудандардың көшелерінде жалпы сомасы 3 686,3  млн. теңгеге, оның ішінде қайта жаңартуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға – 2 588,9 млн. теңгеге және қалалар мен елді мекендердің көшелеріне – 1 097,4 млн. теңгеге жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары орындалды.

Есепті кезеңде орындалған жұмыс көлемі 8 229,2 млн. теңгені құрады.

Автомобиль көлігі

2026 жылғы қаңтар-мамырында автомобиль көлігі қызметтерін 21 139,2 мың адам немесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге 101,6% пайдаланды. Жолаушылар айналымы 349,0 млн. пкм немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,5% құрады.

2026 жылғы қаңтар-мамырында автомобиль көлігімен 2 928, 4 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,5 % жүк тасымалданды. Жүк айналымы 1 603,0 млн. ткм немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 96,9% құрады.

НКИ қаңтар-мамыры бойынша – 110,5 %.

Әлеуметтік маңызы бар 12 автобус бағыты субсидияланады: «Қарасу-Қостанай-Қарасу», «Восток-Қарасу-Қостанай-Қарасу-Восток», «Троебратское-Қостанай-Троебратское», «Қостанай-Жітіқара-Қостанай», «Жітіқара-Қостанай-Жітіқара» (2 рейс), «Қостанай-Жітіқара-Қамысты-Жітіқара-Қостанай», «Лесное-Славенка-Қостанай-Славенка-Лесное», «Амангелді-Қостанай-Амангелді», «Қостанай-Большая Чураковка-Қостанай», «Сарыкөл-Қостанай-Сарыкөл», «Әулиекөл-Қостанай-Әулиекөл».

Әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын субсидиялауға 268,469 млн теңге бөлінді. Қаңтар-мамырз айларында бөлінген қаражаттың 103 993, 774 млн. теңгесі игерілді.

Теміржол көлігі

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында теміржол көлігінің қызметтерін 322,5 мың адам немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 213,8 % пайдаланды. Жолаушылар айналымы 231,0 млн. пкм немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 270,70% құрады.

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында темір жол көлігімен 8 394, 3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% жүк тасымалданды. Жүк айналымы 8 222,5 млн. ткм немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83,6 % құрады.

 

 Әуе көлігі

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ 2026 жылғы қаңтар-мамырында 154 707 жолаушыға қызмет көрсетілді, жолаушылар легі 78 223 жолаушы ұшып кетуді, 76 484 ұшып келуді құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы бойынша – 135 340 жолаушы (ұшып кету – 68 173, ұшып келу – 67 167), Таяу және Қиыр шетелдерге – 19 367 жолаушы (ұшып кету – 8 311, ұшып келу – 11 056) жөнелтілді, 2025 жылдың тиісті кезеңінде – 154 151 жолаушы жөнелтілді, оның ішінде: Қазақстан Республикасына – 136 068 жолаушы (ұшып кету – 69 893, ұшып келу – 66 175), Таяу және Қиыр шетелдерге – 18 713 жолаушы (ұшып кету – 9 798, ұшып келу – 8 915).

Өткен жылдың сәйкес кезеңіне жолаушыларды жөнелту 44 жолаушыға төмендетілді. Қазақстан Республикасы бойынша жолаушылар жөнелтілімдері 728 жолаушыға төмендетілді, Таяу және Қиыр шетелдерге жөнелтілімдер 654 жолаушыға ұлғайды.

2026 жылғы қаңтар-мамырында ұшатын ұшақтар саны 751 бірлікті құрады, 2025 жылғы тиісті кезеңде ұшатын ұшақтар саны – 820бірлік, ол 69 бірлікке кем.

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында әуежай жүктерді өңдеді, пошта – 150,767 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 158,255 тонна жүк және пошта өнделді, ол 7,488 тоннаға төмен.

Дата публикации
01 февраля 2023
Дата обновления
26 июня 2026
Тип

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы