Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ оларды Қостанай облысының аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті.

Эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін шарттық негізде ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру  ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың және бірмандаттық  аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға және таратуға жүзеге асыра алмайды.

Үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мына электрондық пошта мекенжайына жолдауға болады: tic_kst_obl@saylau.kz.  

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы