Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылып, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Осыған орай Қостанай облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, күнтізбелік жоспар бекітілді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну-ағымдағы жылдың 14 қазанынан 27 қазан сағат 18.00 дейін, кандидаттарды тіркеу- ағымдағы жылдың 14 қазанынан 01 қараша сағат 18.00 дейін жүргізіледі.

Қостанай облыстық мәслихатының 16 депутаты партиялық тізімдер негізінде сайланады.  248 депутат бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Барлық деңгейдегі маслихаттардың 264 депутаты сайланады.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы