Қостанай облысының мәдениет, өнер және кино ұйымдарының желісі 01.07.2026 ж.: 337 кітапхана, 230 мәдени-демалыс ұйымы, 9 музей, тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы, 4 театр, филармония, 6 кинотеатр, 2 мәдениет және демалыс саябағы.
2026 жылғы 6 айында облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және киновидеофонд орталығы мен облыстық филармония 141 іс-шара өткізді. Облыс театрлары 552 спектакль көрсетті.
Компьютерлермен 281 кітапхана жабдықталған, оның 158 Интернет желісіне қосылған. Жыл басынан бері облыс бойынша кітапханалардың қызметтерін 217,5 мың оқырман пайдаланды.