Меню

Страницы

Статья

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Қостанай облысы әкімінің аппараты басшысының 2026 жылғы 2 шілдедегі № 45-Ө бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 27 шілде мен 4 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Талдаумен «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 6 қаңтар мен 2026 жылғы 27 шілде аралығындағы қызметі қамтылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

Ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі талдау жүргізуге жұртшылықты тарту мақсатында азаматтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және өзге де мүдделі тұлғалар «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы қолда бар ақпаратты, ескертулер мен ұсыныстарды жолдай алады.

Ұсыныстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде қабылданады: e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы, g.shagirova@kostanay.gov.kz электрондық поштасына немесе 575-049 телефоны арқылы.

Ақпарат жолдау кезінде қызметтің нақты бағытын, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасын, сондай-ақ оны жою жөніндегі ұсыныстарды көрсету ұсынылады.

Келіп түскен ұсыныстар Қазақстан Республикасының қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобының қарауына ұсынылады.

 

 

Дата публикации
13 июля 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы