2026 жылғы 23–24 сәуірде Қостанай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Малашко және облыстық Жас сайлаушылар клубының мүшелері Е. Гедзур мен С. Манатова Қызылорда қаласында өткен «Жастар және сайлау» атты республикалық форумға қатысты. Форум барысында жастардың электоралдық ақпараттандырылуын арттырудағы Жас сайлаушылар клубының рөлі туралы мәселелер талқыланды.