Қостанай облысы аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 ж. «15» қыркүйек №29/66
қаулысымен бекітілген
Қостанай облысы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы
Жас сайлаушылар клубы туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қостанай облысы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Қостанай облысы аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Қостанай облысы АСК) жанындағы ерікті бірлестік болып табылады.
Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Клубтың Ережесі Қостанай облысы АСК қаулысымен бекітіледі.
3. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
3. Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
4. Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.
3. Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары
5. Клубтың қатысушылары жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) бола алады.
6. Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
7. Клуб қатысушылары құқылы:
1) Қостанай облысы АСК төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;
2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
4. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
8. Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.
9. Клубтың отырыстарын Қостанай облысы АСК Төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
10. Клубтың қызметін, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жұмыс органы Қостанай облысы АСК болып табылады.
11. Жұмыс органы:
1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;
3) Клуб отырысы барысында хаттама, оның ішінде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.
5. Қорытынды ережелер
12. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қостанай облысы АСК қаулысымен енгізіледі.
13. Клуб қызметі Қостанай облысы АСК төрағасының шешімімен тоқтатылады.