Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ «Мамандандырылған базасы» КММ компьютерлік техника операторы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 159 627  теңгеден 188 048 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: компьютерлік және ұйымдастыру техникасының жұмыс қабілеттілігін және интернет-кеңістіктегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жабдықты орнату. Мекеме қызметінде пайдаланылатын бағдарламаларды сүйемелдеуді және олардың жұмысын қамтамасыз ету. Ақаулықтарды уақтылы анықтау және оларды жою мақсатында жабдыққа тестілік тексерулер мен профилактикалық тексерулер жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті қолданыстағы заңнаманы білу; кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жұмыс өтіліне немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімге талаптар қоймай жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және I санатты техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.

Әңгімелесуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні  ішінде «Мамандандырылған база» КММ- де өтеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

Өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында соңғы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуы тиіс. Мекенжай: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 79А. Телефон/факс: 52-40-02. Электрондық мекенжай: teroboronakostanay@yandex.ru 

 

 

Дата публикации
07 августа 2025
Дата обновления
07 августа 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы