Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай ақпарат орталығының 1414, 8-800-080-7777 (қонырау соғу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе қызмет беруші тарапынан дөрекілікке жол берілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің әкіміне немесе egov.kz порталы арқылы жолданады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым арызда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телфондары (егер бар болса) шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағымда әрекеттері немесе әрекетсіздігіне шағымданып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, арыздану себептері мен талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға шағымның қабылданғанын растайтын шағымның қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде» көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Дата публикации
30 июля 2025
Дата обновления
30 июля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы