Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға кім құқылы?
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Бүгінгі таңда азаматтардың заң көмегін алу үрдісінің өсуі оны алу құралдарына оңай және уақтылы қол жеткізуді талап етеді.
Е-Заң көмегі (Е-Заң көмегі порталы)
ҚР заң консультанттарының республикалық алқасына (ҚРЗК) кіретін заң консультанттары үшін «Е-Заң көмегі» (Е-заң көмегі) заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі қазіргі уақытта www.eup.kz. порталда қол жетімді.
Елде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруды көздейтін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға қатысты 24-бабын іске асыру шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Е –Заң көмегі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – «Е –Заң көмегі» АЖ) әзірледі.
«Е –Заң көмегі» АЖ - заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған платформа болып табылатын заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі.
Бұл ретте, қызметтерді онлайн немесе офлайн форматта алуға болады.
«Е–Заң көмегі» АЖ арқылы адвокат және/немесе заң консультантын табуға (таңдауға) болады, бұл ретте, маман іздеу критерийі (мамандану бойынша, жұмыс өтілі) және оның деректерін тексеру (лицензияның болуы, заң консультанттары палатасына немесе адвокаттар алқасына мүшелік) бар.
Осылайша, ақпараттық жүйе азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 24-бабына сәйкес адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылады.
АЖ заң көмегін көрсететін тұлғалар үшін де, оны алатын азаматтар үшін де функционалдылықтың үлкен спектрін қамтиды.
Мысалы, АЖ кез-келген пайдаланушыға, соның ішінде iOS және Android платформаларында қол жетімді қосымша арқылы өмірлік жағдайларды шешу үшін заңды қоғамдастыққа құқықтық сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
Мыналар арқылы құқықтық көмек алуға болады:
Сонымен қатар, Заңның 26-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар үшін онлайн, оның ішінде мобильді қосымша арқылы құқықтық кеңес алу функционалы көзделген (бұл ретте, АЖ-да азаматтың халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санатына жататындығын автоматты түрде айқындайды).
«Е–Заң көмегі» порталының артықшылықтары мен ұсынылатын сервистері (www.eup.kz):
«Заң көмегі» жобасының мақсаты - халықты онлайн режимде білікті заң көмегімен қамтамасыз ету, адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру.
«Заң көмегінің» артықшылықтары: