Есепті кезеңде жалпы ауданы 18 224,0238 га 103 тексеру жүргізілді, жалпы ауданы 6 304,9083 га 57 жер заңнамасын бұзушылық анықталды, олар бойынша 47 әкімшілік материал қозғалды. Оның ішінде:
- жалпы 6604,17 мың теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 24 қаулы шығарылды, оның ішінде жалпы сомасы 5218,59 мың теңгеге 18 айыппұл мемлекет кірісіне және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік өндірісті тоқтату туралы 2 қаулы өндірілді;
- ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша бұзушылықтарды жою туралы берілген нұсқаманы орындамағаны үшін 21 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама сот органдарына жолданды.
Коммерциялық құрылыс үшін берілген ауданы 2,6534 га жер учаскелерін пайдаланбағаны үшін 2 бұзушылық анықталды. ҚР Жер кодексінің 92-94-бабы бойынша ұйғарымдар берілді, олар әділет органдарында ауыртпалық ретінде тіркелді.
ЖАО - ға қатысты жер заңнамасын 10 бұзушылық анықталды, жою туралы нұсқама берілді.
2021 жылдың есептік кезеңінде ҚР ЖК 92,94-бабының тәртібімен сотқа жалпы ауданы 15,95 мың га 49 жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы 17 талап арыз жіберілді, оның ішінде: 5 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі, егістік – 14,64 мың га, жайылым – 1,28 мың га; алаңы 25,2121 га коммерциялық мақсаттағы 44 учаске. Сот шешімі бойынша ауданы 15,94 мың га 15 жер учаскесі, оның ішінде 5 ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаске (егістік – 14,64 мың га, жайылым – 1,28 мың га) және коммерциялық құрылысқа арналған ауданы 12,27 га 10 учаске мәжбүрлеп алынды.
ҚР Жер кодексінің 96-1 бабына сәйкес 5 субъектіге қатысты жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғаларды тізілімге енгізу үшін ақпарат жолданды. (Петроретайл, Қоныспай)
ҚР ӘҚБтК-нің 136-бабы
Мемлекеттік меншіктегі жерлерді заңсыз иеленгені үшін жалпы ауданы 106,8304 га 15 құқық бұзушылық анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар үшін 6320,10 мың теңге сомасына 15 әкімшілік айыппұл салынды (мемлекет кірісіне 5007,45 мың теңге сомасына 11 айыппұл өндірілді). Құқық бұзушыларға бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 137-бабы
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша ЖАО-ға қатысты 10 бұзушылық анықталды, олардың нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты екі лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтату туралы 2 қаулы шығарылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 338-бабы
5 бұзушылық анықталды, олар 3 257,2 га алаңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдаланылмайды, құқық бұзушылар 247,95 мың теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 189,61 мың теңгеге 4 айыппұл өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 339-бабы
4 бұзушылық анықталды, 4,5635 га алаңда жер учаскелері мақсатына сай пайдаланылмайды, 36,12 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды, мемлекет кірісіне 21,53 мың теңге сомасына 3 айыппұл өндірілді. Әділет органдарында жер учаскелеріне ауыртпалық ретінде тіркелген бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді.