Облыста дауыл туралы ескерту жарияланды! 2024 жылғы 20-25 наурыз аралығында күндізгі ауа температурасының одан әрі көтерілу болжамына байланысты Қостанай қаласы мен Қостанай облысында қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуы, облыстың оңтүстік өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толып кетуі және су басуы мүмкін.