«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес, Қостанай облысы, Жангелдин ауданының аумағында орналасқан «Ақшығанак», «Милысай», «Торғай» және «Ұлқояк» аңшылық шаруашылығын бекіту бойынша www.gosreestr.kz веб-порталында конкурс өткізеді.
Қатысуға өтініштер 2024 жылғы 27 наурыз сағат 09.55-ке дейін қабылданады. Сауда-саттық 2024 жылғы 27 наурыз сағат 10.00-де басталады.
Конкурсқа қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекен-жайы, телефон, факс, e-mail).
Қатысушылар конкурс шарттарымен тізілімнің веб-порталында таныса алады.