Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлік

2026 жылғы 1 қыркүектегі жағдай бойынша облыста 59 717 жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – ШОК) жұмыс істейді, бұл 2025 жылғы деңгейдің 86,3%-ын құрайды (2025 ж. 1 қыркүекте – 69 222  бірлік), оның ішінде 9 571 – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 133 – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 44 065 – жеке кәсіпкерлер және 5 948 – шаруа қожалықтары.

 

2026 ж. 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 148 574 адамды құрайды, оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында 43 870 адам, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында – 19 754 адам, жеке кәсіпкерлікте – 74 471 адам, шаруа қожалықтарында – 10 479 адам жұмыспен қамтылған (статистикалық деректер тоқсан сайын қалыптастырылады, есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанда бір тоқсанға кешіктіріліп беріледі).

 

ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 6,9%-ға ұлғайып, 551 307 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 212 609 млн. теңге сомасында өнім шығарды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 107 973 млн. теңге, жеке кәсіпкерлер – 229 472 млн. теңге, шаруа қожалықтары – 1 253 млн. теңге. Бұл ретте өнім шығарудың НКИ 96,0%-ды құрады, өнім шығарудың жалпы қосылған құны 8,2%-ға ұлғайып, 347 672,1 млн. теңгені құрады. Шағын және орта бизнестің ЖӨӨ-дегі үлесі 29,8%-ды құрайды (статистикалық деректер тоқсан сайын қалыптастырылады, есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанда бір тоқсанға кешіктіріліп беріледі).

 

Дата публикации
05 июля 2023
Дата обновления
17 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы