Меню

Страницы

Статья

Қызметшілердің заңнаманы сақтауы және ҮББ-4 іске асыру мәселелері жөніндегі КЕҢЕС

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен кеңес өткізілді.

Мемлекеттік қызметте болу кезеңінде қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, тәртіптік істерді қарау, сондай-ақ тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау туралы, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті сақтау және мемлекеттік мүлікті нысаналы мақсатта пайдалану, құмар ойындарға қатысудың салдары және ҮББ-4 жобасын іске асыру мәселелері бойынша сұрақтар көтерілді.

Қызметшілердің әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауы бойынша түсініктемелер берілді.

Ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды жақсартып, автокөлік құралдарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалану фактілеріне жол бермеу, қажет болған жағдайда мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қолдану. Құмар ойындарға қатысудың жағымсыз салдары туралы қызметшілер арасында тұрақты негізде жұмыс жүргізу.

Өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде аудан және қала әкімдіктерін, сондай-ақ квазимемлекеттік секторды ҮББ-4 жобасы бойынша қамти отырып, міндеттерді орындау туралы, сондай-ақ тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауға назар аудару, осы институт бойынша формализмге жол бермеу туралы қызметшілердің назарына жеткізілді.

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы