Меню

Страницы

Статья

Қызметшілердің заңнаманы сақтауы және ҮББ-4 іске асыру мәселелері жөніндегі КЕҢЕС

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында мемлекеттік қызметте болу кезеңінде қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай тәртіптік комиссиялары мен облыстың әдеп жөніндегі кеңесі 2022 жылы істерді қарау және сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті сақтау және мемлекеттік мүлікті нысаналы мақсатта пайдалану, құмар ойындарға қатысудың салдары және ҮББ-4 іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыстары.

Кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.А. Қабиева, Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі С.Б. Қоқышев, Мемлекеттік кірістер департаменті аудандық және қалалық басқармаларының қызметшілері, аудандар мен қалалар әкімдері аппараттарының БПБҚ (кадр қызметінің) мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері тәртіптік комиссияларының мүшелері, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметшілері қатысты.

Қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауы бойынша түсініктемелер берілді. Қоғамдық орындарда қарапайымдылық таныту, еңбек тәртібін қатаң сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану туралы айтылды.

Сондай-ақ мынадай ұсынымдар жасалды:

-әдеп жөніндегі уәкілге ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қызметшілердің қолданыстағы заңнамалардың талаптарын сақтауы, автокөлік құралдарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалану фактілерінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде жүргізу, қажет болған жағдайда мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қолдану. Құмар ойындарға қатысудың жағымсыз салдары туралы қызметшілер арасында тұрақты негізде жұмыс жүргізу. Өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде аудан және қала әкімдіктерін, сондай-ақ квазимемлекеттік секторды ҮББ-4 жобасы бойынша қамти отырып, міндеттерді орындау туралы қызметшілердің назарына жеткізу.

- кадр қызметі аудандар мен қалалар әкімдіктерінің әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтар жасауын барынша азайту бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар жүргізсін. Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауға назар аудару, осы институт бойынша формализмге жол бермеу.

Дата публикации
14 февраля 2023
Дата обновления
14 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы