2022 жылғы 28 қазанда Қостанайда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.В. Петровтың қатысуымен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес жұмысына аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, хатшылары қатысты; учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары; ЕҚЫҰ миссиясының бақылаушылары; аудандар, қалалар әкімдері аппараттарының басшылары; облыстық прокуратураның, Қостанай облысы бойынша Ішкі істер департаментінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, қоғамдық даму басқармасының өкілдері; ЖОО ректорлары; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар штабтарының басшылары; БАҚ өкілдері.
Кеңесте жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімі бойынша атқарған жұмыстары, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету; сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін және мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беру шарттарын қамтамасыз ету туралы; сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңдарын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы; сайлау учаскелерінде дауыс беру, сайлау бюллетеньдерін күзету және жеткізу күні құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы.
Семинар-кеңес мәселелері бойынша пікір алмасылды.
К.В. Петров Қостанай қаласы, Тобыл қаласы, Алтынсарин ауданы сайлау учаскелерінде болды.
Учаскелік комиссия мүшелерімен учаскені ашу, бюллетеньдерді беру, ұлттық, халықаралық бақылаушыларды, БАҚ-тарды, кандидаттардың сенімді адамдарын тіркеу, дауыс беруді ұйымдастыру, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беру рәсімі және дауыс беру қорытындыларын шығару бойынша іс-қимыл алгоритмі бойынша іскерлік ойын өткізілді.