Спорт түрлерін дамытудың негізгі көрсеткіштері
2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша әртүрлі спорт түрлері бойынша 14 890 спорт секциясы ұйымдастырылды, бұл 2024 жылғы деңгейден 1192 секцияға немесе 7,4 %-ға аз (2024 жылы – 16 082 секция).
Спорт секцияларының жалпы санының 6460 секциясы ауылдық жерлерде жұмыс істейді (2024 жылы – 6893 секция).
Спорт секцияларына қатысатындар саны 316 118 адамды құрайды, бұл 2024 жылғы деңгейден 3663 адамға немесе 1,2%-ға көп (2024 жылы - 312 455 адам).
Дене шынықтыру, денсаулық сақтау және спорт жұмыстарының негізгі көрсеткіштері
2026 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай облысында 1664 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істеді, оның ішінде 1086 ұжым ауылдық жерлерде.
Дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысатын азаматтардың саны 348 456 адамды немесе облыс тұрғындарының жалпы санының 46,7%-ын құрады, бұл 2024 жылға қарай 16 469 адамға өскенін көрсетеді ( 2024 жылы - 367 987 адам - 44,5%).
Дене шынықтыру және спорт саласындағы штаттық қызметкерлер санының негізгі көрсеткіштері
Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласында 2964 адам жұмыс істейді, бұл 2021 жылғы деңгейден 21 адамға немесе 100,7%-ға көп, бұл 2024 жылғы деңгейден 20 адамға немесе 99,3%-ға аз.(2024 - 2984 адам).
Ауылдық жерлерде штаттық қызметкерлер саны 31 адамға азайып, дене шынықтыру қызметкері 1389 адамды құрады.
Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы санының 2912 адамында немесе 98,2%-ында дене шынықтыру білімі бар (2024 жылы – 2900 адам).
Ауылдық жерлерде 1389 дене шынықтыру қызметкерінің 1372-сі дене шынықтыру біліміне ие, бұл 98,7% құрайды.