Қостанай облысының тау-кен өндіру саласы бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан ақпарат

Тау-кен өндіру саласында 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 108 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 100 шағын, 2 орта және 6 ірі, оларда 17,1 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Тау-кен өндіру саласының ең ірі кәсіпорындары: «ССКӨБ» АҚ (темір кендерін ашық және жерасты өндіру, темір кені түйіршіктері мен концентрат өндірісі), «Варваринское» АҚ (мыс концентраты мен «Доре» қорытпасын өндіру), «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы Краснооктябрь боксит кен басқармасы (боксит өндіру), «Қостанай минералдары»АҚ (хризотил - асбест кендерін өндіру және байыту), «Комаров кен кәсіпорны» ЖШС (құрамында алтыны бар кендерді өндіру және «Доре» қорытпасын өндіру), «Қашар кені» АҚ (кен өндіру).   

2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда тау-кен өндіру кәсіпорындары 862,8 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,1%-ға жоғары (2024 жылғы қаңтар – желтоқсан - 763,1 млрд.теңге). НКИ – 103,0%.

Облыс өнеркәсібінің құрылымында тау-кен өнеркәсібінің үлесі 25,0% құрады.

Дата публикации
27 января 2026