Облыстың жеңіл өнеркәсібі тоқыма, тоқылған бұйымдар, киім, бас киім, тоқыма емес геосинтетикалық материалдар өндіретін кәсіпорындармен ұсынылған.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында 31 кәсіпорын әрекет етеді, оның ішінде 30 шағын және 1 орта кәсіпорын («Большевичка» ЖШС), онда 350-ден астам адам жұмыс істейді.
Сала кәсіпорындарына «Большевичка» ЖШС, «S.M. F-System» тоқыма емес материалдар фабрикасы» ЖШС, «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, «Азурит» ЖШС - өнеркәсіптік-сауда фирмасы», «ABC Astana production» ЖШС және басқалар жатады.
Облыстың жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 2025 жылдың қорытындысы бойынша қолданыстағы бағамен 7 117,4 млн. теңгеге өнім өндірді.
Жеңіл өнеркәсіптің нақты көлем индексі 123,1% құрады.
2025 жылы облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,2% құрады.