Машина жасау саласында 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша 35 кәсіпорын әрекет етеді, оның ішінде 31 шағын, 2 орта және 2 ірі («СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» АҚ), оларда 3,4 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Қостанай облысында машина жасау саласында мынадай кәсіпорындар қызметін жүзеге асырады: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС (автомобильдер өндірісі), «АгромашХолдингкз» АҚ (қозғалтқыштарға арналған жиынтықтауыштар (тораптар мен бөлшектер) өндірісі, комбайндар мен тракторларды құрастыру, ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер өндірісі), «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС (ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер өндірісі техника), «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, «Машина жасау зауыты-МТЗ Қазақстан» ЖШС (тракторлар өндірісі), «Дон Мар» ЖШС (тіркемелі жалпы орақтар өндірісі), «Tehnopark KZ» ЖШС, «KIA Kazakhstan» ЖШС және т.б.
Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымында машина жасау саласының үлесі 2025 жылы 56,3% құрады.
Облыстың машина жасау кәсіпорындары 2025 жылы 1 397,5 млрд. теңгеге өнім өндірді. Нақты көлем индексі-106,9% құрады.
2025 жылы 94 985 автомобиль шығарылды, бұл осы кезеңнен 4,9 %-ға жоғары (2024 жылы – 90 515 бірлік).