2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қостанай облысында саяси партиялардың 7 филиалы бар: «AMANAT» партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы (бұдан әрі – «AMANAT»), ««Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы (бұдан әрі – «Ақ жол»), «Қазақстан халық партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы (бұдан әрі – «ҚХП»), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ облыстық филиалы Қостанай облысы (бұдан әрі – «Ауыл»), «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы (бұдан әрі – ЖСДП), «Respublica» партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы (бұдан әрі – «Respublica»), «Байтақ Қазақстан жасылдар партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы (бұдан әрі – «Байтақ»).
Облыс бойынша партия мүшелерінің жалпы саны – 109 825 адам.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген социологиялық сауалнама облыс тұрғындарының 63,8%-і «AMANAT», 30,4%-і «Ақ жол», 29,5%-і «Ауыл», 24,9%-і ҚХП, 22,2%-і «Respublica», 17,9%-і «ЖСДП», 18,9%-і «Байтақ» партияларына сенетінін көрсетті.
«AMANAT»
Облыс бойынша партия мүшелерінің жалпы саны – 46 447 адам (2024 ж. – 45 057). Партияның 20 аумақтық филиалы мен 262 бастауыш партия ұйымы бар. «Жастар Рухы» жастар қанаты - 1015 адам.
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жалпы саны – 191 адам.
оның ішінде:
- облыстық мәслихат – 24;
- қалалық мәслихат – 40;
- аудандық мәслихаттар – 127.
Партия Қарасу, Меңдіқара және Б.Майлин ауданының (91,7%), Амангелді, Жангелді ауданының (90,0%) тұрғындарының сеніміне ие. Бұл ретте, орташа аймақтық көрсеткіш 63,8% деп алсақ, партия қызметіне деген сенімнің ең төменгі деңгейі Рудный (14,0%), Қостанай (13,4%) қалалары мен Федоров ауданында (10,0%) байқалуда.
«Ақ жол»
Партия мүшелерінің жалпы саны – 7 853 (2023 ж. – 7 816).
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жалпы саны – 28 адам.
оның ішінде:
- облыстық мәслихат – 3;
- қалалық мәслихат – 7;
- аудандық мәслихаттар – 18.
Облыс бойынша «Ақ жолға» респонденттердің 30,4%-і сенім білдіруде.
Партияға деген орташа сенім деңгейі Б.Малин (75,0%), Жангелдин (65,0%) аудандарында, Лисаков қаласында (47,6%) байқалады.
«Ауыл»
Партия мүшелерінің жалпы саны – 8 004 (2021 ж. – 7684). Бастауыш партия ұйымдарының саны – 56. «Ауыл» партиясының жастар қанаты-2668.
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жалпы саны – 23 адам.
оның ішінде:
– облыстық мәслихат – 3;
- қалалық мәслихат – 3;
- аудандық мәслихаттар – 17.
Облыстың әр аймағында партияның жауапты өкілдері бар. Облыс бойынша «Ауылға» респонденттердің 29,5%-і сенеді.
«Ауыл» партиясына Амангелді, Жангелді (60,0%) және Меңдіқара аудандарының (58,3%) тұрғындары сенім артады.
«ҚХП»
Облыс бойынша партия мүшелерінің жалпы саны – 4 620 адам (2021 ж. - 7480).
Партияның 2 өкілдігі (Рудный, Арқалық қалалары) мен 9 бастауыш партия ұйымы бар.
Облыстық мәслихатта партияны 1 депутат ұсынады.
ҚХП жастар қанатында – 20 адам. Әйелдер қанаты-30 адам.
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының «ҚХП-ға» сенім деңгейі 24,9%-і құрады.
Әлеуметтік сауалнама барысында «ҚХП-ға» деген сенімнің ең жоғары деңгейі Б.Майлин (54,2%) және Жангелдин (50%), Амангелді (35 %)аудандарында байқалған.
«ЖСДП»
Партия мүшелерінің жалпы саны – 5425 (2023 ж. – 4124).
ЖСДП Қостанай облыстық филиалының Рудный қаласы және Б.Майлин ауданында 2 бастауыш партия ұйымы бар. ЖСДП жастар қанаты – 1141 адам.
Облыс өңірлерінде мәслихаттарда депутаттар жоқ.
Облыста «ЖСДП»-ға респонденттердің 17,9%-і сенеді.
Әлеуметтік сауалнама барысында «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына» сенімнің ең жоғары деңгейі Б.Майлин (33,3%), Амангелді (40 %), Сарыкөл (30%) аудандарында екені анықталды.
«Respublica»
Партия филиалы әділет органдарында 2023 жылғы 24 қаңтарда тіркелді, қазіргі таңда партияның аумақтық филиалдары жоқ.
Партия мүшелерінің жалпы саны – 37 235. Жастар қанатында 7 адам.
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жалпы саны – 19 адам.
оның ішінде:
- облыстық мәслихат – 1;
- қалалық мәслихат – 4;
- аудандық мәслихаттар – 14.
2024 жылдың қорытындысы бойынша партияға облыс респонденттерінің 22,2% - сенім артуда. Ең жоғары сенім деңгейі Қарасу (45,8%), Амангелді, Жангелдин (45,0%) және Б.Майлин (50%) аудандарында байқалды.
«Байтақ»
Партия филиалы да әділет органдарында 2023 жылғы 24 қаңтарда тіркелген, қазіргі уақытта партияның аумақтық филиалдары жоқ.
Партия мүшелерінің жалпы саны – 221 (2023 ж. - 207).
«Байтаққа» облыс бойынша респонденттердің 18,9%-і сенеді. Сенімнің ең жоғары деңгейі Б.Майлин (50,0%), Амангелді (30%), Қостанай (25,9%) аудандарында байқалды.